Багасы канша что значит
бағасы
1 асығу
асықты — (он, она, они) торопился (-лась, лись)
2 асық
3 асығу
4 асығыс
5 қасық
6 асығыс-үсігіс
7 асықжілік
8 асыққыш
9 асықпа
10 қасы
11 асығып-үсігіп
12 асығыс
13 асық
14 асық жілік
15 қасық
16 күшін жою бағасы
17 қоғамдық ұсыныс бағасы
18 өндірушінің босату бағасы
19 отағасы
отағасы, әңгіме айтыңыз — уважаемый, расскажите
20 өндірістік шығасы
См. также в других словарях:
АСЫ И ВАННЫ — в скандинавской мифологии две основные группы богов. Асы живут в небесном городе Асгарде. Этот город построен для них великаном из Утгарда. Ванны обитают в своей стране Ванахейме. Поначалу асы враждовали с ваннами и вели с ними кровопролитные… … Энциклопедия мифологии
Асы в небе (фильм) — Асы в небе Aces High Жанр драма Режиссёр Джек Голд … Википедия
Асы в небе — Aces High Жанр драма Режиссёр Джек Голд … Википедия
АСЫ — (др. исл. aesir, ед. число ass), в скандинавской мифологии основная группа богов, возглавляемая Одином (отцом большинства А.), иногда обозначение богов вообще. А. противопоставляются ванам, небольшой группе богов плодородия (особенно в мифе о… … Энциклопедия мифологии
Асы — (неправильно произносится азы) скандинавские боги, считавшиеся самыми могущественными (см. Эдда). К асам принадлежат Один, Тор, Тир, Фригг, Бальдер, Локи и вообще большинство индивидуальных божеств. У А. нет единого этического характера; людям… … Литературная энциклопедия
АСЫ (боги) — АСЫ, в скандинавской мифологии основная группа богов, главным из которых является Один (см. ОДИН). Перечень богов и богинь, асов и асинь, содержится в «Младшей Эдде (см. ЭДДА)», где асы противопоставляются ванам (см. ВАНЫ (божества)) (богам… … Энциклопедический словарь
Асы-Аланы — (или асаланы) народ завоевателей, покоривший к концу I века до н. э. почти все племена и народы бывшей Азиатской Скифии. Пришли на Дон и на берега Азовского моря с севера. Имеют общие корни с нордическими Асами[1]. Окончательно утвердили свою… … Википедия
АСЫ — (сканд. as; готск. и древ. верхне нем. ans). По скандинавской мифологии: племя богов, происшедшее от Одина. Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка. Чудинов А.Н., 1910. АСЫ сканд., as, множ. число osir; готск. и древневерх. нем … Словарь иностранных слов русского языка
қасық дүре — Қасықпен (ойын ережесін бұзса) соғып жазалау … Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі
қасықаүре — Қасықпен соғып жазапау … Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі
2021 жылы теңгенің құны қандай болады?
17:11 25 Желтоқсан 2020 11634
Автор:
Пандемия, карантин, төтенше жағдаймен есте қалған биылғы жыл ұлттық валюта үшін де оңай болған жоқ. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасымен бірге құбылған теңге жыл басында 1 доллар үшін 378 теңге еді. 16 наурызда Inter Continental Exchange Лондон биржасында «қара алтын» бағасы құлдырап, ұлттық валюта бағамы 440 теңгеге жетті. 20 сәуірде биржада баға антирекордық көрсеткішке тұрақтады. Саудада WTI маркалы мұнай бағасы барреліне нөл долларға бағаланды. Бұл бірден ұлттық валютаға әсер етті.
Пессимистік болжам орындалған жоқ
Көктемде сарапшылар төл ақшамыз 1 долларға шаққанда 500-600 теңгеге дейін құнсыздануы мүмкін деген пессимистік болжам жасады. Алайда кейін олардың айтқандары орындалған жоқ. Індеттің таралу қаупі төмендеген сайын әлем нарығындағы жағдай тұрақтала бастады. Тіпті шілдеде доллар бағамы 400 теңгеге дейін төмендеді.
«DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры Мұрат Қастаев керісінше шілдеден бері теңге нығая бастағанын айтады. Сарапшы мұны Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені жоғарылатуымен байланыстырды.
«Пандемияның бірінші толқыны мен екінші толқыны арасындағы мұнай бағасының қалпына келуі бірден ұлттық валютаға, мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. Бұл ретте Ұлттық банктің әрекеті орынды болды. Басында базалық мөлшерлемені бірден жоғарылатып, кейін ақырындап төмендетті. Нәтижесінде биржа мен несиелеу нарығындағы жағдай реттеле бастады. Осылайша 2020 жылдан қаржы секторы мен бизнес Төтенше жағдай кезінде болжанғаннан көрі жақсы нәтижемен шықты», – дейді экономист.
Алайда сарапшы үкіметтің биылғы жұмысына «қанағаттандырарлық» деген баға берді. Мұрат Қастаевтың пікірінше биліктің жағдайды өзгертуге мүмкіндігі болды, бірақ дер кезінде қажетті шаралар қабылданған жоқ. Салдарынан ерекше оқиғаларға толы биылғы жылды теңге орташа көрсеткішпен аяқтауда. Мұндағы орташа деп отырғанымыз жыл басындағы ең төменгі бағам мен наурыз, сәуірдегі ең жоғары бағамның арасындағы дәліз.
2021 жылға болжам: оптимистік және пессимистік сценарий
Салапшылар келесі жылы теңге бағамы тұрақты болады деп болжауда. Бірақ, бұл сценарий пандемияның үшінші толқыны болмай, жаппай вакцинация халыққа әсер етіп, карантин шектеулері алынып, дүниежүзілік экономика қалыпқа келе бастаса ғана жүзеге аспақ.
«2021 жылы жағдай осылай өзгерсе доллар бағамы 420-440 дәлізінде болады. Бұл доллар мен ұлттық валютаға қатысты ұзақ мерзімді болжам екенін еске сала кеткім келеді. Ал оқиға бұдан да жақсы бағытта өрбісе, мәселен, әлем халқына екпе салу жұмыстары жылдам әрі нәтижелі болса, жаһандық экономика тезірек қалыпқа келіп, шикізат бағасының өсуіне алып келеді. Осылайша ең оптимистік сценарий бойынша 1 доллар 400-410 теңге шамасында болады», – деді Мұрат Қастаев.
Әйтседе жақсыға үміт артып, жағымсыз жағдайларға дайын болу керек. Сарапшы тосыннан болатын тосқауылдарды да ұмытпаған жөн дейді. Оның ішінде, геосаяси қақтығыстар мен пандемияның жаңа толқыны, вакцина салу, өндіру бойынша тосқауылдар, мен екпенің вирустың жаңа штамдарына әсер етпеуі, әлем экономикасындағы жаңа дағдарыс, карантиннің қайта енгізілуі сынды қауіп қатер бар.
«Мұндай жағдайда ұлттық валюта 1 доллар үшін 440-460 теңге деңгейіне дейін құлдырайды. Дегенмен экономикалық жағдай соншалықты жаман болмайды, 2020 жылы болған оқиғалар қайталанады. Ал Қазақстанда бұрынғыша алтын-валюта қоры жеткілікті, мемлекеттік қарыз көлемі айтарлықтай көп емес және қаржы да жеткілікті. Сондықтан еліміздің экономикасы мен валюта бағамы жаңадан пандемия болса да төтеп бере алады. Осы үш сценарий бойынша тәуекелдерді бағалайтын болсақ, базалық сцнарий 50%, оптимистік 30%, пессимистік 20%-ға орындалуы мүмкін. Ал бұл теңге үшін алдағы жыл тұрақты болады деп болжанып жатқанын айғақтайды», – деп түйіндеді экономист.
«Tickmill» халықаралық брокерлік тобының сарапшысы Арман Бейсембаев әріптесінің болжамымен келісіп отыр. Оның пікірінше алдағы жыл жаһандық экономиканың қалыпқа келетін жылы болмақ. Бірақ қаржы сарапшысы вирус 100% жер бетінен жойылып кетпейтінін және адамзат баласына осы індетпен бірге өмір сүріп үйренуі керегін алға тартады.
«Қазірдің өзінде Covid-19-дың жаңа штамдары анықталып жатыр. Кейін Covid-20, 21 пайда болуы мүмкін. Вакцина бірден барлық мәселені шешпейді, алдағы 2-3 жыл бойы жетілдіріледі. Ол экономикаға тікелей әсер етпейді, оның жасалуы тек үміт сыйлайды. Нәтижесінде сол үміт нарыққа қозғау салады. Сондықтан болашақты не болады деп күтіп отырмай, жағдайға бейімделу керек. Қазір теңге бағамы төмендеді, бейімделу кезеңі басталды. 2021 жылы алып бара жатқан өзгерістер күтпеймін, ұлттық валюта бағамы долларына 400-430 теңгенің төңірегінде болады», – дейді қаржы сарапшысы.
Арман Бейсембаев қазірдің өзінде мұнай бағасы пандемияға дейінгі барреліне 50-52 доллар көрсеткішке жақындап қалғанын алға тартады.
«Алдағы жылы Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 40 доллардан төмен болмауы керек. Ең төменгі көрсеткіштер биыл тіркелді. Көктемде мұнай бағасы керісінше өседі деп ойлаймын. Пандемияға дейін көшілік АҚШ-тың құнды қағаздар нарығын бақылайтын, Қытайдағы экономикалық жағдайды назарда ұстайтын немесе әлемдік дағдарыс Еуропаның қаржы жүйесінен басталады деп ойлайтын. Алайда пандемия ешбір адам ойламаған, болжамаған тұстан келді. Енді келер жылы эпидемиологиялық жағынан қалыпқа келу жылы болады. Ал экономикалық жағынан болжам жасау қиын. Себебі жаһандық банктердің бірінде өзгеріс бола ма, әлде басқа бір қаржылық дағдарыс орын ала ма, болжап, айту қиын», – деді қаржы сарапшысы.
Құралай Құдайберген
Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!